Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарында 2019 жылы 25 қазанда «Отбасы -тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» атты бірыңғай сынып сағатын өткізу
Отбасының шешуші рөлін тану негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу - «Рухани Жаңыру» бағдарламасын іске асыру жағдайында Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің міндеті болып табылады. Отбасы әлеуметтендірудің маңызды институты және бала тұлғасының даму факторы болып табылады. Отбасының маңызды әлеуметтік қызметі - балаларды тәрбиелеу және дамыту, өскелең ұрпақты әлеуметтендіру. Отбасының тәрбие әлеуеті балалардың белгілі бір сапаларын қалыптастыруға бағытталған ата-аналардың рухани-практикалық қызметі саласындағы мүмкіндіктерін ғана емес, сонымен қатар отбасылық шағын орталықты, жалпы отбасының өмір салтын қалайтындарды да қамтиды. Сондықтан оқушыларды отбасына деген құндылықты қарым-қатынасқа тәрбиелеу бүгінгі таңда олардың болашақ отбасыларының әл-ауқаты ғана емес, сондай-ақ жалпы қоғам мәселелерінің шешілуіне де байланысты басым педагогикалық мәселелердің бірі болып табылады. Сонымен бірге ата-аналардың өз балаларын қоғамдағы оң өзгерістерді жүзеге асыруға қабілетті республиканың белсенді азаматтары ретінде тәрбиелеудегі рөлі мен жауапкершілігі артып келеді. Сынып сағатының мақсаты: отбасы тәрбиесі мәселелерінің өзектілігі, оқушылардың отбасындағы алатын білімін ауқымдату, әр адамның отбасындағы тұлға екендігін анықтау, баланың тұлға ретінде қалыптасуына отбасының рөлінің маңыздылығы, оның патриоттық көзқарасы. Міндеттері: отбасы құндылықтарын қалыптастыру, улкен ұрпақтың адами тәрбиесінің тәжірибесін қалыптастыру, өз отбасының тарихын білу, сұранысты дамыту, балаларды моральдық тұрғыдан дамыту, адамгершілік тұрғыдан өзін-өзі қалыптастыру және өзінің іс-әрекетіне анализ жасау, өзін-өзі тәрбиелеу, патриоттық және азаматтық тәрбиені дамыту. Сынып сағатының ұсынылатын түрлері: тілдесу сағаттары, пікірталас, ойын сабағы, ауызша журнал, әңгімелесу,интерактивті формалар Бұл тақырыптың өзектілігі заманауи өмірдегі отбасының рөлілінің төмендеуі. Отбасы құндылықтарының негізінің бұзылуы, ата-аналардың мәртебесінің төмендеуі, ұрпақтар арасындағы байланыстық алшақтауы. Отбасы – бар негіздердің негізі болып табылады. Адам қанша жерден профессионалды тұрғыдан сұранысқа ие болғанменен, егерде оның тату және арқа сүйер отбасы болмаса, ол өмірде өз таппаған. Отбасы туралы құндылықтардың қалыптасуы оның бала кезінен басталады, ал жасөспірімдік шақта отбасының қандай болу керектігі туралы көзқарасы қалыптасады. Және бұл көқарастардың оң болуы маңызды. |
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау