Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемия кезеңінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу және білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, педагогтердің, білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы бойынша 2020 жылдың 6 сәуірінен (ІV тоқсаннан) бастап орта білім беру ұйымдарында қашықтықтан білім беру ұйымдастырылған. Осыған байланысты біздің мектеп те қашықтықтан оқытуға көшті. Қашықтықтан оқыту процесінің жүргізу барысы барлық мектептерде қатаң қадағалануда. Сондай-ақ сабақтарды қашықтықтан өткізу кезінде ата-аналардан балалардың оқуын, тапсырмаларды орындауын қадағалауды сұраймыз. |
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау