«Шал ақын ауданының Кеңес орта мектебі» КММ 25-мамыр күні қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі, оқушылардың сыныптан-сыныпқа көшіп, асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын- соңғы онлайн қоңырауы соғылды. Барлық сыныптарда онлайн сынып сағаттары өтті. Барлық оқушылар қатысты. Оқушылар әр түрлі номинация бойынша мақтау қағаздарымен, ал ата- аналары осы оқу жылында қашықтықтан білім алудың қиындығына қарамай, белсенділік танытып табысты аяқтағаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.