Социал негізгі мектебінде «Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» науқаны өтілді. Балалар құқықтарын қорғау мақсатында, 1-12 маусым аралығында « Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» атты науқан төтенше жағдайға байланысты онлайн түрінде ұйымдастырылды.Бұл іс-шара 1 маусым балалар күнімен басталды.Бастауыш сыныптар мұғалімдері, бастауыш сынып оқушылары арасында «Бақытты балалық шақ» атты суреттер көрмесі ұйымдастырылды.Тіл мұғалімдерінің ұйымдастыруымен, жоғарғы сынып оқушылары арасында «Бала еңбегін қанауға жол жоқ»шығармалар байқауы ұйымдастырылды.
Мектеп оқушылары арасында «Өз құқығыңды білесің бе? »сұрақ-жауап, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бала еңбегін қанауға қарсы ата-аналарға сынып жетекшілер ұйымдастыруымен бейнероликтер көрсетілді. «Бала еңбегі тоқтатылсын »тақырыбында онлайн флешмоб өткізілді.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау