Тілдер меркесіне орай мектебімізде “МӘҢГІЛІК ЕЛ-МӘҢГІЛІК ТІЛ” атты тілдер апталығы жүргізілді.
Тұңғыш Елбасымыздың жарлығымен 1998 жылы 22 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланған болатын.Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ұласқан, бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы алдымен әр ұлттың тілі ғой.Мінекей ұлы мұрамыз тілдер мерекесі де таяп қалды.
Тілдер меркесіне орай мектебімізде “МӘҢГІЛІК ЕЛ-МӘҢГІЛІК ТІЛ” атты тілдер апталығы жүргізілді.
Апталық іс-шара мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру.
7 қыркүйек тіл мұғалімдерінің ұйымдастыруымен апталықтың ашылу салтанаты өткізілді.Мектеп кітапханашысы Сейтқазина Бақытгүл Тельманқызы 1-11 сыныптарға арналған “Ана тілім-асыл мұрам” атты көрме ұйымдастырды.Мектебіміздің қазақ тілі маманы Бопанова Дана Қайратқызы 9-сынып оқушыларына “Тәні саудың -жаны сау” тақырыбында эссе сайысын жүргізді. “Тіл -достықтың көпірі” атты тақырыпта 7-сынып оқушылары арасында үш тілде ән айту сайысы ұйымдастырылып,оқушылардың ана тілге ,өзге тілге деген құрметтерін арттырды.4-сынып оқушылары “Тілден терең теңіз жоқ” атауымен ашық журнал яғни буклет жасады.Бұл жұмыстары арқылы оқушылар ана тіліміздің еліміз үшін қаншалықты маңызды екенін ұғынғандай. Оқушылар ашық журналда тілді классификациялау арқылы қазақ тілінің дамуын сызбаға түсіріп, тілдің шығу тарихын суреттеді.Бастауыш сынып мұғалімі Шугаипова Зейнеп Кәкімқызының ұйымдастыруымен 1- сынып оқушыларына “В гостях у сказки” тақырыбында үш тілде ертегілер көрсетіліп,оқушылар өздері ұнатқан ертегілерін сахыналап берді.Жоғарғы сыныптар арасында “Мемлекеттік тіл-менің тілім” атты сайыс сабақ ұйымдастырылды. Оқушылар сайыс сабақта алған білімдерін саралай отырып, әлемдік тілдерге қатысты біршама мәліметтерді игерді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері түрлі әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың мемлекеттік тілді жетік меңгеріп білуіне көңіл бөліп, пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, ізденімпаздық қабілеттерін оята білді.
Қорыта келгенде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы белгіленген жоспар бойынша жоғары деңгейде өткізілді.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер