"Мектепке жол"акциясы 2008 жылдан бері жыл сайын еліміздің барлық өңірлерінде өткізіліп келеді. Акция аз қамтылған және көп балалы отбасылардың оқушыларына көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алуға бағытталған.Осы акцияға орай мектебіміздің 7 оқушысына "ИнтерСтрой сервис ИК" ТОО басшысы Досжановтар әулеті балаларға кеңсе керек жарақтарын табыстады.Осы ТОО атынан Наталья Федоровна мектебімізге келіп,өз қолынан балаларға оқу құралдарын тарту етті. Осылай көмек қолын созудан еш тайынбайтын демеушілерімге алғыс айтамыз!