Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530586
<

 ВЫБОР 

введите текст

«Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің жабылу салтанатына арналған концерттік бағдарлама

«Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы»

онкүндігінің жабылу салтанатына арналған

концерттік бағдарлама

1 жүргізуші:  Қайырлы күн, құрметті қонақтар, оқушылар!

2 жүргізуші: «Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік және шығармашылық педагогикасы»  онкүндігінің аясында өткелі отырған «Алтын жүрек анамыз» атты балалардың шығармашылық кешіне қош келдіңіздер!

1 жүргізуші:  Бұл кештің мақсаты: Қазақстанның бірінші ханымы, « Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс - шаралары, еліміздегі адамгершілік - рухани білім беруінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі, жер бетінде өмір сүрген барлық халықтардың арманы – өзара түсіністік пен сыйластықты сақтауы деген қағидасын түсіндіре отырып, "Өзін - өзі тану" әлемінің басты мақсаты – ұл - қыздарымызды жеке өзімен және өзін қоршаған ортамен үйлесімділікпен өмір сүруге баулу.

2 жүргізуші: Сара Алпысқызының ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата - анасына, ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.

«Мерекем» (Айсұлу, Зоя)

1 жүргізуші: 1992жылы, енді тәуелзіздік алған елең-алаң шақта елдің болашағы саналатын бүлдіршіндерді еңіретпеу керектігін Сара Назарбаева терең түсінді. Аурудың мұңын, жетімнің зарын тыңдайтын, құқығын қорғайтын «Бөбек» қорының негізін қалады. Панасыз балдырғандарды байырына басты, талай науқас нәрестені шетелге дейін жіберіп емдетті. Балалар үйлеріне қамқорлық көрсетті. Тіпті түрмелерді аралап, бесіктеп белі шықпай жатып, қылмыскер атанған жеткіншектермен кездесіп, аналық ақылын айтты.

2 жүргізуші Сара Алпысқызы «Өзін-өзі тану» атты балаларға рухани-адамгершілік білім беру және тәрбие беру идеясының авторы болып табылады. Бүгін, яғни 12 ақпан Сара Алпысқызы 76 жасқа толып отыр. Осыған орай мектебімізде «Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік және шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік өтті. Бұл іс-шаралар аясында оқушылар арасында әртүрлі байқаулар мен сайыстар, ашық сабақтар, дөңгелек үстел, қайырымдылық іс-шаралары өткізілді.

Мерейтой иесінің өмір жолы және онкүндік аясында өткен іс-шаралардан үзіндіні келесі слайдтардан көріңіздер. СЛАЙД

 

Сол іс-шаралардың бірі – мәнерлеп оқудан сайысы болған Бұл сайыстың қорытындысы бойынша марапаттау құрметі А.Қ.Уаповаға беріледі. (МАРАПАТТАУ).

1 жүргізуші: Аталған сайыстың жеңімпазы Жоламан Елдананы  қошеметпен ортаға шақырайық. (өлеңін оқиды)

1 жүргізуші  Би үйірмесіне қатысатын қыздардың орындауындағы «Улыбка» биін жеңімпаз оқушыларымыздың құрметіне ұсынамыз, қабыл алыңыздар

2 жүргізуші: Онкүндік аясында сурет сайысы да өз мәресіне жетті. Оқушылардың еңбектері өз бағасын алды. Сайыс қорытындысын жариялау құрметі Ж.М.Сарсекееваға беріледі.

1 жүргізуші Сурет сайыстың жеңімпаздары құрметіне Жасұлан мен Нұрсұлтанның орындауында»Алаш ұраны» әнін қабыл алыңыздар

2 жүргізуші Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілігін дамыту, қоғам туралы және бақытты балалық шақ туралы тұжырымдама дайындаған  Назарбаева С.А. қайырымдылық қызметі үшін «Достық» орденімен, Философияда өзіңді - өзің таны және оқу мәдениетіне қосқан үлесі үшін Шыңғыс Айтматов атындағы І – дәрежелі алтын медалімен, «Юнити» халықаралақ сыйлықтың, СОС Киндердорф Халықаралық қорының алтын медалі, БҰҰ – ЮНИСЕФ халықаралық қорының ескерткіш медалі, Исхан Дограмачи Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сыйлығы, Халықаралық «Алтын жүрек» сыйлықтарымен марапатталған.

1 жүргізуші Мәнерлеп оқу сайысының жүлделі ІІ және ІІІ орын иегерлерінің өнерлерін тамашалаңыздар.

.

2 жүргізуші: «Өзін-өзі тану» пәні балабақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейін оқу бағдарламасына енген. Балаларға деген махаббат, әрбір баланың бірегейлілігін мойындау -  өзін-өзі тану пәнінің ең басты мақсаты. Алдарыңызда жас әнші Меруер  «Ақ көгершін» әнімен

1 жүргізуші Қолөнер шеберлерінің жасаған бұйымдары алдарыңызда тұр. Осы сайыстың жеңімпаздары да ортамызда. Марапаттау құрметі З.Қ.Абуоваға беріледі.

.

 

1 жүргізуші: «Өнерге жақын баланың бойында жамандық болмайды»- дейді дана халық. Мың бұралған бишілерді «Батыр қыз» биімен қарсы алыңыздар. Би қолөнер шеберлеріне арналады!

1 жүргізуші Әртүрлі сайстардың жеңімпазы, мектебіміздің күміс көмей әншісі Ербол Айсананың орындаундағы «Бүлдірген» әні жүректеріңізге жетеді теген ойдамыз

2 жүргізуші  Осы онкүндік аясында өткен көңілді мәрелер жарысының жеңімпаздарын марапаттайық! (Ж.М.Сарсекееваға сөз беріледі)

1 жүргізуші: Райханның орындауындағы «Ақ дидарлы анашым» әні спорттағы жеңімпаздардың құрметіне арналады.

ҚҰндылықтар әлемі (залдағылар түгел айтады)

 

2 жүргізуші Осымен «Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік және шығармашылық педагогикасы»  онкүндігінің аясында өткен «Алтын жүрек анамыз» атты балалардың шығармашылық кеші өз мәресіне жетті. Көңіл қойып тындағандарыңызға көп рахмет. Балаларымыз дендері сау, білімді, жан дүниелері рухани бай болып, ертеңгі елімізді көркейтетін үлкен азаматтар болып өссін.

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь