Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі шаңғыдан облыс чемпионы Б.Е. Байжановтың 60 жылдық мерей тойына арналған шаңғыдан аудандық турнир
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі шаңғыдан облыс чемпионы Б.Е. Байжановтың 60 жылдық мерей тойына арналған шаңғыдан аудандық турнир
Музыка Би “Езу”
І Ж: Қайырлы күн, құрметті қонақтар!
ІІЖ: Сайысқа қатысушыларға жалынды сәлем!
І Ж: Бүгін саналы ғұмырын Қазақстан болашағына –бала тәрбиесіне арнап, зиялы азамат ретінде танылып отырған Болат Ескендірұлы Байжановтың 60 жылдық мерей тойы.
ІІЖ: Осы орайда Шаңғы жарысынан облыс чемпионы Болат Ескендірұлының құрметіне арналған аудандық шаңғыдан турнирге Мәркен Ахметбеков атындағы қонақжай мектепке қош келдіңіздер!
І Ж: Тазалық-денсаулық негізі, саулық-байлық негізі»- деп халық мақалында айтылғандай, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан-2030” стратегиялық даму бағдарламасында “Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткі, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған,”-делінген.
ІІ Ж: Ол жоспарда көрсетілгендей қоғамымызды құруымызға қарай Қазақстан азаматтарының дені сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін үлкен мән беріліп отыр.
І Ж: Денсаулық үшін күрес әр адамның өз міндеті, соны жас кезден түсіну қажет. Алдарыңызда мектебіміздің салауатты өмір салтын насихаттаушылары, аудандық сайыстың ІІ орын иегерлері «Жасұлан» үгіт бригадасы. Қарсы алыңыздар.
І Ж: Өмір жолында еңбексүйгіштік және қоғамдық белсенділікпен ерекшеленіп, нағыз азаматтық қасиеттерге ие болған, абырой беделі жоғары туған күн иесін айтулы мерекесімен құттықтаймыз.
І Ж: Алғашқы құттықтау сөз мектебіміздің кәсіподақ ұйымының төрайымы Сарсекеева Жанна Мансұрқызына беріледі
ӘнЗоя менАйсұлу
ІІЖ: Ұстаз-келер күннің ұстасы. Балалардың қалыптасып келе жатқан дүниетанымының , өмірге көзқарасының иесі. Баланың қалыптасқан бүгінгі болмысында ұстаз еңбегі орасан зор.
І Ж: Жас жеткіншектер арасында салауатты өмір салтын насихаттап жігерлі де намысты ұлдар тәрбиелеуде еңбек етіп жүрген ел азаматтарының бірі, аудандық Балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтырудан дайындық клубының директоры Кусаинов Мұса Пасөлкеұлына сөз кезегі беріледі.
Би “Батыр”
ІІ Ж: Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің ардагер ұстазы, Болат Ескендір ұлының әріптесі Макенов Зекеш Бекетұлына беріледі.
І Ж: Сөз дене шынықтыру және технология пәндері әдіс бірлестігінің мұғалімдері атынан Абильмажинов Нұрболат Ғазезұлына беріледі
Ән Карина
ІІ Ж: Құрметті қонақтар! Құттықтаймын деп ниет білдіргендерге сөз береміз.