Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530586
<

 ВЫБОР 

введите текст

«Шал ақын ауданының Семиполка орта мектебі» КММ-нің «Өзін-өзі тану» онкүндігін өткізуі туралы ақпарат. 2016-2017 оқу жылы

 

«Шал ақын ауданының Семиполка орта мектебі» КММ-нің

«Өзін-өзі тану» онкүндігін өткізуі туралы ақпарат.

2016-2017 оқу жылы

                                           

     Ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының президенті С.А.Назарбаеваның туған күні қарсаңында  «Шал ақын ауданының Семиполка орта мектебі» КММ-де «Өзін-өзі тану; Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік ұйымдастырылды. Осы он күннің ішінде бірсыпыра жұмыстар атқарылды.

     Аудандық білім бөлімінің нұсқаулығы бойынша онкүндіктің жоспары жасалды. Ақпанның екісі күні салтанатты сап түзеумен онкүндікті ашылды. Онда оқушылар «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызының өмір жолымен таныстырылды.

     Мектеп кітапханасында «Мейірім төгетін ана» тақырыбына кітап көрмесі ұйымдастырылды (жауапты Н.А.Портушкина). бұл көрмеге Сара Алпысқызының кітаптары және ол туралы жазылған кітаптар қойылды. Оқушылар еліміздің бірінші Ханымы жайлы кітаптарды қызығушылықпен оқыды.
     Апта бойы мектепте «Ана, мейірім, бейбітшілік және достық» тақырыбына шығармашылық жұмыстар сайыстары өткізілді. Оқушылар өздері өлеңдер шығарып, сурет салып, ашық хаттар жасады. Оқушылардың жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды (жауаптылар Мукушева Б.С., Исаченко Г.П.).
    «Доброта – солнце, согревающее сердце человека» (Кайнуллина Г.С., Мукушева Б.С.,), «Алтын жүрек анамыздан» (Сыздыкова А.А.), «Дені саудың, тәні сау» (Кожантаева Г.К.), «Добро в моем сердце» (Исаченко М.Н.) – Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері осы тақырыптар бойынша ашық сабақтар өткізілді.
      1-7 сынып оқушыларының арасында «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді (жауаптылар Сыздықова А.Ә., Артеменко М.Н.).Онкүндіктің қорытынды кеші ретінде «Күлкіден күн мейірімді болады» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Бұл кеште оқушылар ата-аналарына арнап ән шырқап, би биледі.

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: Кайнуллина Г.С


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь