Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530586
<

 ВЫБОР 

введите текст

«Қамқорлық» республикалық қайырымдылық айлығының есебі

Барлық мемлекет көлемінде «Қамқорлық акциясы» жүріп жатыр. Акцияның мақсаты өмірден қиыншылық көріп жүрген , яғни отбасының жағдайы келмей жүдеп жүрген балаларға қаржылай көмек беру, сонымен қатар адамға ең қажеттісі ол өмірінің мәнді  және сәнді болуы керек. Осыған орай жоспар құрылып, мектеп директорымен бекітілді.

Жоспар бойынша селомыздың 10 мөлтекауданының әр үйі араланып, ондағы балалар тіркеуге алынды. Тіркеу бойынша Қаратал селосында мектепке дейінгі жастағы 40 сәби, олардың ішінде 14 сәби шағын орталыққа қатынасса, мектепалды даярлық тобында 15 бүлдіршін тәрбиеленеді. Сондай –ақ мектеп жасындағы 72 оқушы бар.  Аз қамтылған оқушылар тізіміне 8 оқушы тіркеліп, селолық округ әкімінің мөрімен бекітілді.  Осы акция төңірегінде мектебімізде қайырымдылық пункті ашылды және «Қамқорлық» жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған мұғалімдер, қызметкерлер өз тарапынан оқушыларға 32270 тенге көлемінде қажетті оқу – құралдары және киімдерді көмек ретінде әкеліп ұсынды.

Осы айлық аясында аз қамтылған отбасы балаларына рейд жұмыстары жүргізілді. Рейд қорытындысы бойынша барлық оқушылардың жағдайы жасалған, үй жұмысын орындауға арналған арнайы оқу орындары бар. Осы балалардың арасында 7 оқушы мектеп екпінділері.

 Мектеп ішінде жүріп жатқан жұмыстардың барысына барлық бала қатыстырылып жатыр.

«Өзін – өзі басқару» ұйымы жалғызілікті қарттарға көмек көрсетті

 Бала басқаның жағдайын жастайынан түсініп, оған қамқоршылық жасауға үйренсе, ондай балалардан болашақта ел мәселесін шеше алатын азамат өсіп, тәрбиеленеді

Кітапханашы Боканова А.К. мен селолық кітапханашы Габдуллин Б.К. 1-5  сынып оқушыларына арнап «Ертегілер еліне саяхат» ойын – сайысын өткізді.

Мақсаты: оқушыларға ертегі туралы айту, оның түрлерін бөле білу. Ертегілердің кейіпкерлеріне мінездеме бере білуге үйрету. Оқушыларды ертегіні сүюге тәрбиелеу.

Өзін-өзі тану мұғалімі  Боканова Г.Б. 1-8 сынып оқушыларымен «Жүрегім толы мейірім» сабағын өткізді. Мақсаты: «Қайырымдылы», «мейірімділік», адамгершілік туралы түсініктерін кеңейту.

24 қаңтар дене шынықтыру мұғалімі Асаубаев А.А. бастауыш сынып оқушыларына арналған «Кім мықты» спорттық сайыс ұйымдастырды. Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру.

24 қаңтар күні «Жақсылық жасауға асығыңыздар» агитбригада ұйымдастырылды. Осы іс шара барасында  «Жас Ұлан» жасөспірімдер ұйымы жалғызілікті қарттарға көмек көрсетті, үзіліс кезінде ойындар ойнатылды. Бастауыш сынып оқушыларына көмек көрсетілді.

Бейсенбі күні әр сыныпта «Таза бейсенбі» тазалық жұмыстары атқарылды.

Технология пәнінің мұғалімі Коспанов Д.Е. мектеп  оқушыларымен  құстарға арнап «Құс үйшігін» жасады.

 «Махаббатты, жылулықты балаларға сыйла» аз қамтылған отбасы балаларына ұстаздар мен қызметкерлер демеушілік көмек көрсетті. (киім кешек, канцелярлық тауарлар сыйланды).

Мектеп медбикесі 9-11 сынып оқушыларына арнап «Онкологиялық ауруларды алдын алу» тақырыбында лекция оқыды.

Кітапханашы Боканова А.К. ұйымдастыруымен «Мектепке кітап сыйла» акциясы өтті.

 «Қамқорлық» қайырымдылық акциясына «Балдәурен» шағын орталығының бүлдіршіндері белсене қатысты. Әдіскер Тажибаева Г.Ж. «Тазабек пен кір қожалақтың бастан кешкендері» туралы әңгімеледі. Мақсаты: Балаларға тазалық туралы түсінік бере отырып, жеке гигиеналарын сақтауға дағдыландыру. Денсаулық – басты байлық екенін ұғындыру. Денсаулықтарын күтуге, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Тәрбиеші  Мукажанова Г.С. мен медбике Бижигитова Б.Т. «Шынықсаң шымыр боласың» ойының өткізді.

 

 

        

 

 

 

 

Дене шынықтыру мұғалімдері Кусаинов Ж.А. пен Асаубаев А.А. ұйымдастыруымен «Спорт, спорт, спорт!» хоккей жарысы өтті. Осы жарысқа оқушылармен мен қызметкерлер қатысты.

 

 

Әлеуметтік  педагог                            Акшалова Б.С.

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь