4 «А» сыныпта 9 оқушы бар.Олардың бәрі мектеп кітапханасынан көркем әдебиетті кітаптар алып оқиды.Кейбір оқушылар кітапханаға жиі барады.Кітапханадан әр түрлі жанрдағы кітаптарды алып оқиды.Мысалы, «Өгей бала», « Адам балық», «Алқызыл желкендер», «Батырлар жыры» , «Қазақ ертегілері», «Керей мен Жәнібек» т.б. қызғылықты кітаптар алып оқиды және олардың мазмұнын ашып айта алады .Алған кітаптарын бір-бірімен ауысып оқиды және өз ара сұрақтар қойып жұмыс жасайды.Әсіресе сыныпта Баян Әмина,Умирбаев Мағжан, Байтеленов Темирлан,Жұмабек Ернар,Амантай Нұршат осы оқушылар жиі кітапханаға барады.
Күнделікті үлкен узілісте 10 минуттан және 4-ші сабақтан кейін сәрсенбі мен сенбі күндері сынып арасында оқу жылдамдығын тексеріп,өз ара салыстырып отырамыз.
Оқу сағатының оқушыларға пайдасы өте зор.Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығы арта түсті.


Посмотреть новость на сайте учреждения