Мектебімізде алғыс айту күнге орай аудандық білім бөлімінің жоспарына сай мектепішілік жоспар құрылды. Жоспарға сай мектеп кітапханасында «Ана бейнесі» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Мектептің еріктілер отряды педагогикалық еңбек ардагері Б.Н. Нургалиеваның үйіне барып көмек
көрсетті. 6-7 сыныптарда «Жүректен шыққан қайырымдылық» тақырыбында сынып сағатын өткізді. 5 сынып оқушылары өздерінің алғыстарын білдіріп, құттықтаулар үлестірді. Мектептің ерлер ұжымы мен оқушылар арасында баскетбол мен волейболдан жарыс ұйымдастырылды.
Ауылымыздың көпбалалы аналары мен мектепе өткізілетін іс шараларға белсене қатысатын жеке кәсіпкер әйел адамдармен «Әлемде Күн біреу, Ана біреу» атты тақырыпта кездесу өтті. Кездесуге Алтын және күміс алқа иегерлері 6 ана қатысты.
Әр сынып оқушылары арасында флешмоб ұйымдастырылды.