Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530586
<

 ВЫБОР 

введите текст

24 ақпан күні мектепалды даярлық тобында математика пәні бойынша ашық сабақ өткізілді.



24 ақпан  күні  мектепалды даярлық тобында  математика пәні бойынша ашық сабақ  өткізілді.

Бөлімі: Қарапайым математикалық  түсінік беру.             

Сабақтың тақырыбы:  7 саны және цифры,1- ді қосу,1-ді азайту, апта күндері,  тура және кері санау, өткен сабақты қайталау.

Мақсаты: ертегі арқылы 7 санымен танысады,есте сақтау және ойлау қабілеттері дамиды.

Күтілетін нәтиже: 7 санының жазылуын ,өз беттерімен есеп шығаруға үйренеді, 7 санымен апта күндерін байланыстыра  алады.

Көрнекіліктері: 7 санының үлгісі,ертегі кейіпкерлерінің суреттері,апта күндеріне сәйкес кесте, 1-20-ға дейінгі сандар топтамасы.

Сабақтың барысы: Психологиялық ахуал «Шаттық шеңбері»

Балалар апта күндерін айтып, еске түсіреді, яғни апта күндерін 7 санымен байланыстырады. Апта күндерін атау.

Топқа бөлу.

Сабақ «Бауырсақ» ертегісі бойынша өткізілді,яғни ертегі кейіпкерлерінің тапсырмасы бойынша орындалды. Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыру. Ойындар арқылы өткізілген сандар мен цифрларды қайталау, құрамына мән берілді.Жаттығу жұмыстарын балалардың өздеріне таныстыра отырып, парталас балалармен ақылдасып,сөйлесе отырып, есеп шығаруға бағытталды.Тапсырмалар орындалғаннан кейін,балалар 7 саны,оның цифры, құрамымен танысып,көптеген мағлұмат алып.естеріне сақтап,есеп шығарып еркін қолдана алды.Бұлжытпас 6 санын артқа тастап,7 санына келіп тоқталды.

Балалар 1-ден 7-ге дейін оңға қарай және солға қарай кері санайды,сандарды салыстыра білді.

7 саны неге ұқсайды? Оның таңбасын жазу,жазуға үйрету.

Өздік жұмысты орындап, жаңа өтілген сабақ  пысықталды, «Көршісін тап» ойыны ойналды.Балалар екі топқа бөлініп,1-ден 10-ға дейін,10-нан 20-ға дейін сандарды орнына қойып,сабақ қорытындыланды.

Рефлексия. Смайликтерді белгілеу.

Қолданылған жаңа әдіс-тәсілдер:

  • Топтық жұмыс
  • Ойын әдісі
  • Сөздік тіл жаттықтыру
  • Ой жинақтау
  • Бағалау
  • Рефлексия

 

 

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь