Ақсу негізгі мектебіндегі "8 наурыз - халықаралық әйелдер күні"
6-10 наурыз аралығында кітапханашы Смаилова Ш.А «Сұлу бейне» атты көрме ұйымдастырды .Мақсаты қазақтың сұлу да атақты қыздарымыз жайлы әңгімелей отырып шығармашылығымен таныстыру,апаларымыздан қалған ғибрат аларлық өмірлерін, сөздерін балаларға насихаттау, өнеге алуға баулу.

6 наурыз күні Абишева А.Қ мен Қарабаева Э М ұйымдастыруымен«Әйел бақыты» дөңгелек үстел өткізілді
Мақсаты: аналар арасында бала тәрбиесіне қатысты пікір таластыра отырып, балаға деген махаббаттың күшін сезіндіру. Балаға деген сүйіспеншіліктен қоғамның да оң өзгеріске қадам басатындығына назар аударту. Мектеп пен ата - ана арасындағы тығыз байланысты дамыту .Дөңгелек үстелге мектептің демеушісі Наргужина Л, қарт ұстаз Жилкайдарова О.Ж шақырылып құттықталды. Олар адал жар, қамқор ана, сенімді дос қана емес, сонымен бірге жақсы басшы, білікті маман, іскер ұйымдастырушы болып, жалпы алғанда, жаңа заманға сай қызмет атқарып жүргендерін атап айтып сыйлықтар тапсырылды.

06.03.2017 ж «Егеменді Қазақстанның атақты ханымдары» атты 7-8 сынып оқушыларымен сынып сағаты өткізілді.Сабақта жас ұрпақ тәрбиесіне зор еңбек сіңіріп жүрген азаматшаларға құрмет көрсету,еңбектерін елеп- ескеру,мадақтау,адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу жайлы айтылды. Оқушылар аналарына «Анашым» атты өлең арнады,нақыл сөздер оқылып әйел адамдарды құрметтеуге шақырылды.

Шығармашылық жұмыстар сайысы «Анашым менің өмірімде»7 мартта 0-9 сыныптар аралығында өткізілді. Сайыстың жеңімпазы Қажығали Сымбат марапатталды.
9 наурыз күні сағат 16.00 де «Айгөлек» шағын орталығында «Ару қыз» атты жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа 4 жұп қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Жарысты Карабаева
Жоспар:
1) Таныстыру.
2) Білім мен дәстүр (сұрақ -жауап)
3) "Шебердің қолы ортақ"(өзің қолдан жасаған бір бұйымы)
4) "Өнерліге өріс кең" (өнер байқауы: ән, би сайысы)
5) Шығармашылық жұмыс (Ана - өмір шырағы тақырыбына қорытынды)
6) Қорытынды
Секілді турлардан тұрды. Ата – аналар, ұстаздар, оқушылар көрермен ретінде қатысып, жарыс соңында өз ризашылықтарын білдірді.
Құттықтау сөздер айтылды. Қыздар күні, аналар күні екені сезіліп, жарыс соңында марапаттау қағаздарымен марапатталды.

7 наурыз күні «Айгөлек» шағын орталығында «Аяулы анашым» атты мерекелік кеш өтті.
Ана дейміз біріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ деп мерекелік кеш басталып, жақсы өтті. Мектепалды даярлық тобының оқушыларымен шағын орталықтың балалары қатысты.

7 наурыз күні 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай көп жасаған әйелдерге құрмет көрсету мақсатында 83 жастағы қарт әжей Мусина Қамаш апайға барып құттықтап ән салдық.
Посмотреть новость на сайте учреждения