Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530586
<

 ВЫБОР 

введите текст

«Наурыз мейрамы»

15 наурыз күні «Ұлыстың ұлы күні» атты бірегей сынып сағаттары өткізілді

         Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың

салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» Қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету. Мерекелік көңілін көтеру, елге деген сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. Наурыз мейрамына байланысты тілектер айтылып, ырым – жоралар талқыланды.


17 наурыз «Мерекелік дастархан» атты ұлттық тағам мен киім көрмесі ұйымдастырылды

Мерекелік дастарханға қазақтың ұлттық тағамдары қойылды.

Олар жөнінде мағллұматтар берілді. Тағамның жасалу тәсілін түсіндіріліп кетті

 Ұлттық киім үлгілерін  де көрсетті

16 наурыз «Наурызды қарсы аламыз» атты бастауыш сыныптармен суреттер көрмесі ұйымдастырылды

17 наурыз «Халқымның салт-дәстүрі» атты викториналық сұрақтар сайысы өткізілді . Мектептің 5-9 сынып оқушыларын екі топқа бөліп әр түрлі дәстүрге байланысты сұрақтар қойылды .Сынып жетекшілер топтарға бөлініп оқушылармен бірлесе жауап берді.

15 наурыз «Наурыз-қайырымдылық пен бейбітшілік мерекесі» атты 8-9 сыныптар аралығында ойтолғау жазылды.Жақсы жазылған ойтолғаулар  сынып сағаттарында оқылды.

18 наурыз  «Айгөлек» шағын орталығының «Наурызым менің мерекем!» атты ертеңгілік кеш жұмысы атқарылды.Мерекелік кешке шағын орталығының балалары мен мектепалды даярлық тобының оқушылары қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Қойылымдар қойылып, би билеп, әндер айтылды. Ата – аналар шашу шашып өз ризашылқтарын білдіріп, бата – тілектерін айтты. «Айгөлек» шағын орталығының тәрбиешілері балаларға, ата –аналарға наурыз – көже таратып, дәм татқызып дастарханға шақырыды. Дастархан мәзірінде ұлттық тағамдар қойылды.Мерекелік кеш өте қызықты болды.

17 наурыз күні Спорттық сайыстар ұйымдастырылды . Сайысқа 4- 9 сынып оқушылары қатысты  Жеңіске жеткен оқушылар марапатталды.

20 наурыз күні «Наурыз –жыл басы» атты мерекелік бағдарлама бойынша кеш ұйымдастырылды.

       Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.

 




Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь