Бастауыш сынып мұғалімі Тасмағанбетова А.Қ. 1-4 сынып оқушыларын екі топқа бөліп «Көңілді старттар» өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды.
Қазақ тілі мұғалімі Жакина Г.Ж. «Наурыз – қайырымдылық пен бейбітшілік мерекесі» тақырыбы бойынша 9 сынып оқушыларына эссе жазғызып, досмагуллова Аиданың жұмысын үздік деп тапты.
Ауыл тұрғындарына және оқушыларға арналған «Наурыз думан» ұйымдастырылып, мерекелік дастархан жайылып, оқушылар салт – дәстүрлер көрсетіп, концерттік бағдарлама қойылды.