Оқушылармен «Сенің ағзаңа кері әсер ететін заттар» атты сынып сағаты өткізілді.Бұндағы мақсаты: Оқушыларды жаман әдеттерден сақтандыру, ішімділік пен темекінің жас организмге зиянды, әр –түрлі жөтел, асқазан тері аурулары осы никотин мен алкогольдің әсерінен екенін түсіндіру.Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге баулу.
Дайындық барысы: Оқушыларға тақырыпқа сай материалдарды оқып, жинастыру «темекінің», «нашақорлықтың», «ішімдіктің» адам өміріне зиянды әсері тақырыптарына сурет салу, жұмыстарын тапсыру.
Мұғалімнің кіріспе сөзімен басталды.
бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отырған темекі, арақ, есірткі ауруларына қарсы ұйымдастырылған «Сенің ағзаңа кері әсер ететін заттар» атты әңгімемізді бастаймыз.
Адам өмірінде шарықтау сәті бар, ол оны қолынан шығарып алады, бұдан кейінгі күні «Тар жол, тайғақ кешумен ұласады» деп ұлы ойшыл Шекспир айтпақшы адамға шыншыл да, ең қымбатты – ол оның мәнді де, сәнді өмірі. Ал, осы өмірінің мәнді де, сәнді өтуіне оның басты байлығы денсаулығы тікелей әсер етеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Халық денсаулығы атты мемлекеттік бағдарламада халықтың денсаулығын атап көрсеткені баршамызға белгілі. Бағдарламаның басты мұраты – халық. Халықтың денсаулығын сақтау, демографиялық ахуалын жақсарту.
Шығыстың әйгілі данышпаны Әл-Фараби «Жас жеткеншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен.
Расында да, ел болашағы жастар. Ал жастарымыз нашар, маскүнем, ауру болса, ел тағдыры не болмақ?
Елімізде нашақорлықтың жылдан-жылға етек алып бара жатқаны ешкімге де жасырын емес – деп мұғалім сөзін толықтырды.
Посмотреть новость на сайте учреждения