
2017 жылғы 12 мамыр сағат 18.30 – да ата – аналар жиналысы өтті. Ата – аналар жиналысына 26 ата – ана, 10 мұғалім және аудандық мұражайдың директоры Қасқарбаева Алтынай Тлеулесовна қатысты.
Жиналыстың мақсаты:Ата - аналарды жаңа мазмұндағы білім бағдарламасын енгізуді талқылауға тарту.
Жиналыстың күн тәртібінде:
Осы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша берілген материалдар түгелдей көрсетіліп, ата –аналардың назарларына ұсынылды.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жакина Г.Ж. күн тәртібіндегі жаңа мазмұндағы білім бағдарламасы және жаңа форматтағы ҰБТ бойынша айтып өтті.
Мектептегі қамқоршылық кеңесінің жұмысы туралы есеп беріліп, жаңа құрамын сайлау туралы ұсыныстар айтылды. Аудандық салық бөлімінің басшысының орынбасары, мектебіміздің түлегі Абжанов Ербол Амангелдіұлы, ауылымыздағы ИП «Баяндиннің» басшысы Баяндин Қырым Нүрпейісұлы, мектеп директоры Жумагулова Бикеш Қатрановна және ата –аналар комитетінің төрайымы Жумабаева Шынар Қабешқызы ұсынылып, бірауыздан бекітілді.
Мектеп бітіру іс – шаралары бойынша тәрбие ісінің меңгерушісі Бегалина А.Б. айтып өтті.
Жаңа мазмұндағы білім бойынша оқулықтар туралы мектеп кітапханашысы Бельгибаева А.С. түсініктеме жасап өтті және де «Мектепке кітап сыйла» акциясы бойынша әр ата –ананың сыйлаған кітаптарын қабылдады.
«Жемқорлыққа жоқ дейміз» акциясы бойынша ата –аналарға парақшалар таратылды.
Ата – аналар жиналысының соңы мектеп оқушылары дайындаған концертке ұласты.
Посмотреть новость на сайте учреждения