Сөзді мектеп директорының міндетін атқарушы Нургалиева Ж.Е алып:
Бүгінгі күн Р Білім және ғылым министірлігі алғаш рет ата-аналардың жалпыұлттық жиналыс болатынын жариялады.
Бүгінде ата –аналардың көбісінің мектеп жиналыстарына қатыспайтыны жасырын емес. Бұл, өз кезегінде, ата-аналардың балаларының болашағына немқұрайлы қарауына әкеп соқтырып жатады. Сол себепті де ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы күніне барынша мән-мағына беріп, бұл күні барлық ата-ана жаппай мектептерге келіп, балаларының сыныптарын аралап, олардың қалай сабақ өтіп жатқандарын өз көздерімен көріп, сынып етекшілерімен, мұғалімдерімен, мектеп басшылығымен сөйлесіп, пікірлесулеріне жағдай жасауға тырысып отырмыз.
Бүгінде қазақстандық білім жүйесінде көптеген өзгеріс бар. Еліміздің барлық қаласы мен ауылдарында бір мезгілде өткізілетін шара барысында осы мәселелер туралы сөз болады. Осыған орай балалардың сапалы біліп алып, олардың бәсекеге қабілетті, болашақтары жарқын болулары үшін жаңартылған мазмұн енгізіліп, еліміздің мұғалімдері педагогтардың біліктіліктерін арттыру бағдарламасы аясында жаппай оқытылып жатыр.
Былтырдан бастап 1-сыныпта оқушылардың оқудағы жетістіктерін шектеусіз бағалау жүйесі енгізілді. Алдағы 1 қыркүйек – жаңа оқу жылынан бастап жаңартылған бағдарлама бойынша 1, 2, 5, 7-сынып шәкірттері оқитын болады.
Биыл балалар ҰБТ-ны жаңа формат бойынша тапсырады. Сондай-ақ қала мектептері мен ауыл мектептерінің білім сапасының ажырауын болдырмау үшін ҚР БҒМ ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр. «Баршаға тегін кәсіптік білім» бағдарламасы бастау алды.
Ата-аналар жиналысында мектеп әкімшілігі Қамқоршылар кеңесінің жұмысын, кеңестің құқығы мен міндеттерін, қағидасы мен қызмет тетігін талқыламақ. Осы және басқа да маңызды сұрақтарға жауапты ата-аналар жиналысынан білулеріңізге болады.
Құрметті ата-аналар, бұл күні сіздер өз еріктеріңізбен мектеп кітапханаларына көмек қолын созуларыңызға да болады. Оқуға пайдалы деген кітаптарыңызды өздеріңізбен бірге әкеліп, мектеп кітапханаларына өткізсеңіздер, бұл да бір жарқын іс болары сөзсіз. Өйткені, бұл жерде сіз бен біздің балаларымыздың білімі мен болашағы тұрғанын ұмытпайық.
Ал біздің болашағымыз – балалар!
Мектептің қамқорлық кеңесінің жұмысы туралы слайд көрсетіліп , оның міндеттері мен мақсаттары туралы баяндады .Оқу бөліміндегі қоғамның мақсаты мемлекеттік, комерциялық емес өзіне осы мектептің оқу ісі қызықтыратын ерікті мүшелер қатысады.
Бағыттары әр түрлі іс-шараларға көмек көрсету.Қоғамдық жағдайы төмен оқушылардың жағдайын жақсарту.
Көмек көрсету және қайырымдылық мектептің деңгейін көтеру .
Негізгі міндеттері: спорттық құралдар, материалдық-техникалық базасын нығайту
Әр түрлі іс-шаралар, қружоктар мен секциялар,туристік саяхаттар.
Әр түрлі тақырыптағы бейне материалдар, соның ішінде кәсіптік бағдар беру,
ҰБТ тапсыру, қамқорлық кеңесі, 1 шілде күні өткізілетін шеру туралы көрсетілді.
Ата – аналарға сыбайлас жемқорлыққа арналған кеспе қағаздары таратылды.
Оқу ісінің меңгерушісі Есимсеитова Л.С :
Қорытынды аттестация және мектеп бітірушілер кеші туралы мағлұмат берді.
Мектеп бітіру іс-шарасын өткізу туралы тұжырымдамасын түсіндіріп , түлектерді республикалық акцияға қатысуға болатындарын айтып түсіндірді.
Қазақстандық мектеп түлектерінің имиджін арттыру туралы сөз қозғалды. Алдағы оқу жылында балаларға жаңа формалар тігу туралы ата – аналармен ақылдасып, жаңартатыны туралы шешім қабылданды және балаларға ата – аналардың ескертіп отыруларын өтінді мектеп дәстүрін сақтау керектігі туралы. 2017 жылдың 25 мамырдағы соңғы қоңырау мерекесі туралы сөз қозғалды. Республикалық акция ретінде ата – аналар мектепке сыйлық ретінде , көмек ретінде оқитын кітаптар сыйлады.
Ата – аналарға аттестатты салтанатты түрде табыс ету 2017 жылдың 10-12 маусым аралығында табысталатыны туралы айтылды.
Қауіпсіз шаралар ретінде әр сынып жетекшілері балаларға қолдарын қойғызып қауіпсіздік ережелермен таныстырып өтті.





Посмотреть новость на сайте учреждения