3 сәуір күні апталықтың ашылу салтанаты болды. Сонымен қатар “Көзден бұлбұл ұшты “атты тақырыппен құстарға байланысты тілдік қолданыстар туралы қызықты мәліметтер айтылды.

4 сәуір күні 9 сынып оқушылары “Құс және дүниетаным “деген айдармен баяндама жасалды. Оқушылар Қазақстандағы әртүрлі құстар жайлы қызықты мәліметтер берді.


5 сәуір күні 1-9 сынып оқушылары арасында құстар туралы мақал-мәтелдер
сайысы өтті. Сайысқа 1, 7-8 сынып оқушылары белсенді қатысты.

6 сәуір-құсты дауысынан тану және дауысын келтіріп салу сайысы өтті. Бұл сайыста Қабиболла Мирас, Балғожин Дияс, Қажғали Сымбат алға суырылып шықты.

7-сәуір –құстар туралы ән айтып жарысты. Бұл күні 1-9 сынып оқушылары құстар туралы әсем әндер шырқады. 4 сынып оқушылары «Қос қарлығаш» әнін орындап, алға шықты.

Апталықтың соңғы күні “Құстар-біздің досымыз” деген тақырыппен қорытынды кеш өтті. Бұл кешке мектеп және ауыл кітапханашылары қатысты. Кітапханашылар құстар туралы буклет жасап, Қазақстанны «Қызыл кітабы», кітапқа кірген құстар туралы ақпарат берді. Кеш тартымды, қызықты өтті.

Посмотреть новость на сайте учреждения