Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530586
<

 ВЫБОР 

введите текст

Алғыс күні

1 наурыз «Бірлігі жарасқан елім менің» 5-6 сынып ата-аналармен ашық сынып сағатын Ақпаев Нұрсұлтан мен Канапин Жеңіс өткізді. Сынып сағатына 5-6 сынып оқушылары мен ата-аналар қатысты. оқушылар бір-біріне жүрекшелер тарату арқылы өздерінің жылы лебіздерін,тілектерін тіледі. Бірлік, ынтымақ, бақыт сөздерін талдау арқылы мағынасын аша белді. Сынып сағатында топқа бөлініп,  мақал-мәтелдер сайысы өтті. Сайысқа әр бір оқушы белсене қатысты. Қазақстан картасына үлестірме қағаздар арқылы бір-біріне тілектер айтып ілді.

2 наурыз Қазақстанда тұратын әртүрлі этностардың салт –дәстүрлері 7-сынып тәрбие сағаты өтті Мақсаты :оқушылардың Қазақстанда тұратын татулығы жарасқан халықтардың салт-дәстүрлерімен таныстыру,халық өнегесін үйрету. Орыс ,өзбек,корей ,татар халықтарының өнерін тамашаладық .Олар өздерінің салт-дәстүрлерін ,әдет –ғұрыптарымен таныстық.

1-4 наурыз  аралығында 5-9 сынып аралығында «Менің отбасымның тарихы- елімнің тарихы» ойтолғау сайысы өткізілді .Өте жақсы жазылған ойтолғаулар марапаттқа ие болды. Бірінші орынға 7-сынып оқушысы Канапина М,екінші орын 7-сынып Какимова Елдана ,үшінші орын 8- сынып Бейсенбаева Махаббат ие болды.

3 наурызда Какжанова Жанар ұйымдастыруымен «Толеранттылық – бейбітшілік пен келсім» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге 7-8-9 сынып оқушылары қатысты.Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тіледі. Достық,бірлік, толерант сөздері талданды.Толерант деген сөздің мағынасын ашып ,бұған дейін бұл сөзді  естідіме ,оқушылардың ойы тыңдалды.Дана халқымыздың мақал-мәтелдерін бір-бірлеп мағынасын аша білді.Тренинг өткізілді.Тренингте балалардың алдына бір-бір ақ қағаз беріліп .оған үй салды және ол үйлер әр түрлі формада салынды да ол үйдің іші басқалар көңіл бөлетіндей болып безендірілді.Салған үйлерін тақтаға іліп ол үйдің толеранттыларға арналып салынғанын түсіндіріп берді.Оқушылармен сергіту сәті өткізілді.аныз оқылды.Бұл «Достық-бірлік-толерант»  сөздерінің мағынасын оқушылар  түсініп, тақырыпты аша білді.

2 – наурыз күні мектепалды даярлық тобымен  1 – 3 сынып оқушыларымен  Карабаева Э.М мен Смаилова Л.К ардагер ұатаздармен кездесу өткізді . Ардагер ұстаз ретінде Жылқайдарова О.Ж шақырылды.

Мақсаты: Алғыс айту күнін мерекелеудің жаңа дәстүрі «Мәңгілік Ел» бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негізінде нығайту мен дамытудың мән-мәтінінде қазақстандық құндылықтарды бейнелеу, олардың тәрбиелік мәнін  оқушыларға түсіндіру. Ардагер ұстазбен кездесу арқылы болашаққа нық сеніммен қарауды тәрбиелеу.

3 наурыз Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Мен ағыс білдіремін» мерекелік бағдарлама  4 сынып оқушыларымен Қоқашева А.Е өткізді

Мерекелік бағдарламаға Төлегенова Мадина шақырылып, сыйлықтар берілді. Балалар концерттік бағдарламаға белсене қатысып, кеш соңында Мадинаға, ата – аналарға алғыс айылды.

   1-4 наурыз аралығында «Достығы жарасқан - Қазақстан» кітап көрмесін мектеп кітапханашысы Смаилова Ш.А ұйымдастырды .Оқушыларға Достығы жарасып тұрған Қазақстан туралы мәліметтер берілді,кітаптармен таныстырды. Оқушыларға көптеген сұрақтар арқылы Қазақстан Республикасының халықтар достығы  еліміздің бірлігінің кепілдігі екенін таныту, достыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Өзге ұлт өкілдерінің республикамызға келу жайлы тарихымен таныстыру сияқты мағлұмат берілді.

 

      3 наурыз 4-9 сыныптараралығында  «Біз Қазақстанның болашағымыз» ән - би конкурсы болды. Мақсаты  Қазақстанда тұратын халықтар арасындағы достық ,бір шаңырақ астында тұрып жатқан бірлігі жарасқан, ынтымағы нығайған ел екенін көрсету.


1-4 наурыз
«Қайырымдылық»  акциясы  «Жас ұлан», «Жас қыран» ұйымының қарт адамдарға көмегін Ақпаев Н.Е мен Канапин Ж.А ұйымдастырып үйлергебарып отын тасу,қар күреу сияқты жұмыстармен көмек көрсетті.

«Жүректен шыққан - алғыс» суреттер көрмесі 1-4 наурыз күндерінің аралығында ұйымдастырылыпоқушылар белсене қатысты.

 

Апталықтың соңғы сәті воллейбол, баскетбол ойындарынан сайыспен аяқталды .

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь