Сәуірдің 10 күні ата-аналармен оқушыларға арнап ақпарат тақтасы ілінді, онда ғаламтор қауіпсіздігі, балаларға қанша уақыт компютер алдында отыруға болатынытуралы ақпарат берілді.

14.04.17 күні 1-9 сынып оқушыларына ғаламтор желісі жөнінде бейне материалдар көрсетуді Жылқайдарова Г.Т мен Канапин Д.А ұйымдастырды.


18.04«Қауіпсіз ғаламтор» атты сынып сағаттары өткізді
Сабақта бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау,оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;
Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу негізделді.
Тақырыпқа байланысты постерге орындауға тапсырмалар беріліп, сұрақтарға жауаптар ізделінді. Ғаламтордың зияны мен пайдалы жақтарын балалар ажырата білді. Сабақ өте қызықты өтті. Балалар өз ойларымен бөлісе отырды.


«Балалардың ғаламтор қауіпсіздігін сақтау» атты ата-аналар жиналысын құруды Абишева А.Қ ұйымдастырды пікірталас өткізіп ата-аналардың көзқарастары тыңдалды ,бейне материалдар көрсетілді.

«Ғаламтор орнына кітап таңдаймыз» акциясын, мекетеп кітапханашысы Смаилова Ш.А өткізді
Мақсаты: кітап оқушылардың сенімді досы, көмекшісі екендігі, оны оқысаң биік шындарға жетелейтінін дәріптеу; кітаптың адам өміріндегі маңызын, оның , қызыметін түсіндіру; кітап арқылы оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу мәдениетін дамыту; оқушының кітапқа деген қызығушылығын арттыру; кітаптың пайдасы мен маңыздылығын ұғындыру.
«Вертуалды өмірден шынайы өмір артық» флеш-моб ұйымдастырылды оған 6-7 сынып оқушылары қатысты

«Ғаламтор және мен» сауалнаманыАқпаев Н.Е өткізді
Посмотреть новость на сайте учреждения