Жаңаталап бастауыш мектебінде жаз мезгіліндегі су қауіпсіздігіне байланысты ата-аналармен және оқушылармен жиналыс өткізілді.Жиналыс тақырыбы «Сіз балаңызды қалай қорғайсыз» . Ата-аналармен сұрақ –жауап әдісі жүргізілді.Ата -аналарға әртүрлі тапсырмалар берілді.
Оқушыларға ережені түсіндіріп,ауыл маңындағы көл,тоғандардан аулақ жүруі,суға түсу кезіндегі ережелер,суда өзін қалай ұстауы керек,судағы қауіпсіздік шараларын сақтау талап етілді.Белгісіз ,таныс емес жерге суға түспеу керек екендігі айтылды.
Оқушыларды екі топқа бөліп сайыс өткізілді. Сайыста сұрақтар қойылып,жауап алынды.Қай топ жақсы екені үнемі бағаланып отырды.Әр топпен ойындар жүргізілді.Топтар өздері ойластырған сахналық көріністер көрсетті.Тест сұрақтарына жауап берді.
Посмотреть новость на сайте учреждения