Қаратал орта мектебінде ата-аналардың жалпыұлттық жиналысының өткізілуі туралы есеп
12 мамыр күні ҚР Білім және ғылым министрлігі алғаш рет ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы жарияланып өткізілді. Бұл шара заманауи мектептердің жай-күйін танып-біліп, ондағы шәкірттердің қалай біліп алып жатқандарына бейжай қарамайтын қазақстандық әр отбасына қатысты.
Ата-аналарға, мектеп демеушілерге шақыру қағаздары таратылды. Жиналысқа 100 % ата-аналар (41 адам), мұғалімдер, Аудандық ІІБ бастығы Ақтанов Н.Е. қатысты.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
Жиналыс ты мектептің үздік оқушыларының бірі, Абай оқуларының жеңімпазы Айтжан Балжан «Қазақ елі» әнімен және өз шығармасынан «Ұлы Абай ақынға арнау» өлеңімен ашты.
Бірінші сұрақ бойынша мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Биханова Ж.М. сөз сөйледі. Былтырдан бастап 1-сыныпта оқушылардың оқудағы жеитістіктерін шектеусіз бағалау жүйесі енгізілді. Алдағы 1 қыркүйек-жаңа оқу жылынан бастап жаңартылған бағдарлама бойынша 1,2,5,7-сынып шәкірттері оқитын болады. Биыл балалар ҰБТ-ны жаңа формат бойынша тапсырады. Сондай-ақ қала мектептері мен ауыл мектептерінің білім сапасының ажырауын болдырмау үшін ҚР БҒМ ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. «Баршаға тегін кәсіптік білім» бағдарламасы бастау алды - деп айтып кетті. Баяндау барысында Білім және ғылым министрлігі ұсынған видеороликтер көрсетілді.
Мектеп бітіру шаралары туралы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Габбасова А.Ж. баяндады. Мектеп бітіру іс-шарасы – әр түлек өмірінде адамгершілік, қайырымдылық және алғыс білдіру сабағы болатын, өзіндік есею жолына бастау алатын мектептегі соңғы іс-шара. Түлектер іс-шарасына:
2017 жылғы 25 мамырдағы Соңғы қоңырау мерекесі;
түлектер кеші (аттестатты салтанатты түде табыс ету – 2017 жылғы 10-12 маусым аралығы);
түлектер акциясы – 2017 жылғы мамыр-тамыз-деп айтып кетті.
Жарияланған акциялардың бірі «Мектепке кітап сыйла» акциясы туралы кітапханашы Боканова А.К. айтып кетті. Мектеп дәлізінде ұйымдастырылған бұрышқа ата-аналар сол күні сыйлық ретінде кітаптар сыйлады.
Екінші-үшінші сұрақ бойынша мектеп директоры Жамангалиев З.Н. сөз сөйледі. Өз сөзінде қатысушыларға Қамқоршылар кеңесінің жұмысы, кеңестің құқығы мен міндеттері, қағидасы мен қызмет тетігі туралы туралы түсіндіріп кетті. Сонымен қоса биылғы оқу жылында мектеп жемеушілерінің мектеп оқушыларына көрсетілген көмектерін атап кетіп, алғысын білдірді.
Келесіде ата-аналарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитеті ұсынған парақтары тараталды (46 парақша).
ТІЖО А.Габбасова


Посмотреть новость на сайте учреждения