Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530586
<

 ВЫБОР 

введите текст

Көңілдері шаттыққа толған балалар...Петропавл қаласына саяхат

Көңілдері шаттыққа толған балалар...
Балалар күні қарсаңында  ата-аналар балаларға үлкен сыйлық жасады.

Шал ақын ауаны Семиполка орта мектебінің 4-ші сынып оқушылары бастауыш сыныпты ойдағыдай аяқтап, бастауыш сыныппен қоштасу кешін өткізді. Бүлдіршіндерің осындай қуанышты сәттерінде ата-аналар да тыс қалмады. Олар өз балаларына сыйлық ретіне сынып жетекшісімен бірге Петропавл қаласына саяхат жасауды ұйымдастырды. Петропавл қаласына сапарға шығуға Новопокровка селосының тұрғыны Даулетбай Есентемиров балалар үшін өз көмегін аянып қалмады. Өзінің газель көлігімен  4-ші,3-ші, 2-ші сынып оқушылары және ата-аналар комитетінің  мүшелерін Петропавл қалалық мұражайларына саяхатқа  апарды.

Петропавл қаласына келген соң қасиетті «Рамазан» айының бірінші күні болғандықтан саяхатымызды қалалық орталық мешіттен бастадық. Орталық мешіттің бас имамы оқушыларға қасиетті «Рамазан» айы туралы ақпарат берді. Содан соң «Абылайхан резиденциясына» барып, мұражайағы тарихымызбен, батырлардың ерлігі жайында мағлұмат алып, оқушылар Абылай батырдың жорығы және қоланған қаруларымен танысты. Келесі мұражай ол – өз шеберлерімізің өнер туындылары сақталған қне мұражайы болды. Ол мұражайда неше түрлі материалдар жасалған шеберлердің қолөнерлерін тамашалаық. Оқушыларды ең қызықтырған мұражайдың бірі ол – өлкетану мұражайы. Оқушылар өз өңірімізің тарихы және мәдениетімен, өңірімізде мекен ететін жануарлар, әртүрлі халық өкілдерінің салт-дәстүрі мен мәдениеті туралы ақпарат алды. Петропал қаласында біраз жыл өз әсемдігімен қызықтырып келе жатқан ботаника бағына да барып, оқушылар түрлі өсімдіктер түрлерін көріп, сонда мекен етіп жатқан құстар, жануарларды тамашалады.

Саяхатымызды орталық демалыс паркінен аяқтадық. Ауыл балалары үшін демалыс паркіндегі аттракциондарда айналып, көңіл көтеру – ең қызықты сәт болды. Оқушыларың біріге сырғанаған сыңғырлаған күлкілеріне көз тоймыды.

Петропавл қаласына саяхатқа шыққан сәттері балалардың өмірінде есте қаларлық көңілді сәттері болады.

Туған өңіріміздің мәдени үйлерімен, каланың көріктілігімен келешек ұрпақьы таныстырып, өз жерінің, халқының тарихы мен мәдениетімен таныстырып отырса ол әр келешек жеткіншектің рухани қазынасын толтырады.

Оқушылар үшін осындай сыйлық жасаған ата-аналарға, Даулетбай Есентемиров ағамызға сынып жетекшісі ретінде үлкен алғысымды білдіремін.

                                                                        Сыздыкова Асем Аукешқызы

                                                                           Шал ақын аудандық

                                                                          Семиполка орта мектебінің

                                                                              бастауыш сынып мұғалімі

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь