І топ
1 мамыр күні балаларды қорғау күніне арнап «Өлкенің гүл жайнаған балғындары» атты мерекелік ертеңгілік өтті. Ертеңгілікке 1-5 сынып оқушылары қатысып, бастауыш сынып мұғалімдері жауапты болды. Бұл күні балалаларға арналған бірнеше қызықты ойындар ұйымдастырылды және мерекелік кеш өте қызықты өтті. Кештің соңында балаларға арнап жасалған ас мәзірі тарту етілді. Ата – аналардан көмек ретінде балаларға сыйлықтар алып тарту етті.
2 мамыр күні «Анамның тілі, аяулы үні» атты өлеңдер сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа бабалар «Ана» туралы жаттаған өлеңдерін айтып жарысты. Әр бала 3 өлеңнен жаттап сайыстың соңында жэеңіске жеткен бала марапатталды және жақсы қатысқан балалар да есепке алынды. 1 орынды 4 сынып оқушысы Бейсембаева Ажар иеленді.
3 мамыр күні «Мен суретші баламын» атты суреттер көрмесі ұйымдастырылды.Бұл күні балалар өз қолдарынан тамған туындыларымен таныстырып, мағынасын түсіндірді. Балаларға еркін тақырып берілді.
5 мамыр күні тақырып «Шебер қолдар» болды. Бұл күні балаларға үйден маржандар, бисерлер әкелу керек екендігі ескертілді. Барлық әкелген бисерлерді қосып, қолдан бисермен жұмыс жасадық және оны естелік ретінде мектепте сыныпта қалдырдық. Бисермен әшекейленген ыдыс жасадық.
6 мамыр күні «Ел рәміздері насихаттау» тақырыбында өтті. Бұл күні бабалар Қазақстан Республикасының рәміздерін атап сұрақтар қойып , толықтай тағы да танысып өтті.
7 мамыр күні «Спортты сүйер балалармыз» атты эстафеталық жарыс ұйымдастырылды. Күн жауын болғандықтан спортзалда өтті. Балаларды 2 топқа бөліп 5 турдан тұратын эстафеталық жарыс ұйымдастырдым. Мақсаты: балалардың денелері шынығып, жарысқа деген қызығушылықтарын арттыру және бір біріне деген сыйластық, жақсы қарым қатынасқа жетелеу.
8 мамыр күні еркін тақырыпта ән байқауы өтті. Бұл күні балалар бар білетін әндерін айтып жарысқа түсті. Жарыстың әділқазыалқасына кітапханашы Мусина Л.З болды. Ол кісі балалардың әндеріне өз бағасын беріп, кейбір жерлереде олардың әндерін дұрыстап бірге ән шырқап отырды. Жарыстың соңында балалар шеңбер құрып барлығы «Әрқашан дос біргеміз» әнін шырқады.
9 мамыр күні денсаулық күні болды. Бұл күні мектеп медбикесі Байназарова Г.Н балалардың денсаулықтары мықты болу үшін әрдайым дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын сақтау керек екені жайлы және әрқашан дене шынықтырып отыру керек екенін жаттығу орындау адам ағзасына қажет екенін айтып, түсіндіріп өтті.
10 мамыр күні «Ертегі тыңдап өскенбіз» атты тақырыбында өтті. Бұл күні балаларға арнап ертегілер оқып, мағыналарын түсіндіріп, ең соңында рөлге бөлгізіп ертегіні сомдап берді.
12 мамыр күні балалар табиғатқа саяхатқа шықты.орманға саяхатқа барып орманды қалай қорғау керек екендігін және орманға саяхатқа шыққанда қоқыстарды лақтыруға болмайтынын ескертіп айтып өттік.
13 мамыр күні «Шынықсаң шымыр боларсың» атты жалпы дамыту жаттығуларын орындадық. Балалар барлығы спорттық киініп, адам денсаулығына пайдалы жаттығулар орындап және пайдалы нүктелі массаж орындады.


Жауапты: Карабаева Э.М.
ІІ топ
14 мамыр күні «Ертегі еліне саяхат» деген тақырыппен балаларға ертегі оқылды. «Тышқан мен арыстан» ертегісін оқып, түсіндіріп, және балаларға сол ертегіні сомдап беруге ынталарын арттыру мақсатында осы тақырып таңдалды.
15 мамыр күні «Қол өнер» күні болды. Бұл күні балаларға үйден маржандар, бисерлер әкелу керек екендігі ескертілді. Барлық әкелген бисерлерді қосып, қолдан бисермен жұмыс жасадық және оны естелік ретінде мектепте сыныпта қалдырдық. Бисермен әшекейленген ыдыс жасадық.
16 мамыр «Дені саудың жаны сау» атты спорттық жарыс ұйымдастырылды. Балаларды 2 топқа бөліп 4 кезеңнен тұратын жарыс ұйымдастырылды.
17 мамыр күні ән байқауы болды. Бұл күні балалар бар білетін әндерін айтып жарысқа түсті. Жарыстың әділқазыалқасына кітапханашы Мусина Л.З болды. Ол кісі балалардың әндеріне өз бағасын беріп, кейбір жерлереде олардың әндерін дұрыстап бірге ән шырқап отырды. Жарыстың соңында балалар шеңбер құрып барлығы «Әрқашан дос біргеміз» әнін шырқады.
19 мамыр күні флеш-моб ұйымдастырылды. Бұл күні балалар екі үш баладан би құрастырып билеп берді. Мақсаты балалардың қимылдарын дамытып, қимылды бірдей жасай білуге жетелеу болды.
20 мамыр күні эстафеталық жарыс ұйымдастырылды. Балаларды 2 топқа бөліп 5 турдан тұратын эстафеталық жарыс ұйымдастырдым. Мақсаты: балалардың денелері шынығып, жарысқа деген қызығушылықтарын арттыру және бір біріне деген сыйластық, жақсы қарым қатынасқа жетелеу.
21 мамыр күні «Біз балалардың еңбегін пайдалануға қарсымыз» атты плакаттар сайысы ұйымдастырылды.
22 мамыр күні «Шынықсаң шымыр боларсың» атты жалпы дамыту жаттығуларын орындадық. Балалар барлығы спорттық киініп, адам денсаулығына пайдалы жаттығулар орындап және пайдалы нүктелі массаж орындады.
23 мамыр күні еркін тақырыпта көрініс ұйымдастырды. Балалар қызықты көріністер қойып уақыттарын қызықты өткізді. Мақсаты балаларды тапқыштыққа және әртістікке баулу болды.
24 мамыр күні балалар табиғатқа саяхатқа шықты.Орманға саяхатқа барып орманды қалай қорғау керек екендігін және орманға саяхатқа шыққанда қоқыстарды лақтыруға болмайтынын ескертіп айтып өттік.




Жауапты: Смаилова Л.К.
ІІІ топ
26.06. – 06.07 күндері аралығында Ақсу негізгі мектебінің жанында жазғы сауықтыру лагеріне 5 бала қатысты. Осы уақыт аралығында әртүрлі қызықты ойындар ойналды, сұхбат жүргізілді, табиғат аясына серуен жасалды.
26 маусым күні оқушылар патриоттық әндер жаттап келіп, ән байқауын өткіздік. Барлық оқушы өзі сүйіп тыңдайтын әндерін жаттап келді. «Астана», «Атамекен», «Ақ көгершін» тағы басқа әндер шырқалды. Ыстық тамақ ішілді. Мектеп алаңында ойындар ойналды.
27 маусым күні «Әрқашан күн сөнбесін» атты суреттер сайысы өткізілді. Оқушылар ақ парақтың бетіне бақытты балалық шақтарын, отанын, туған өлкесінің суреттерін бейнеледі және бір-бірінің суреттерін салыстырып, бағалады. Асханадан ыстықтамақпен тамақтанып, біраз бой сергітіп, қызық ойындар ойнатылды.
28 маусым күнін біз ұлттық салт-дәстүрімізді ұмытпау, насихаттау мақсатында ұлттық ойындар ойнадық. Оқушылар «Бес асық», «Арқан тартыс», «Қуыспақ» тағы да басқа ойындарды ойнады. Бұл күн оларға ерекше қызықты өтті. Мектеп асханасынан дәмді әрі пайдалы ас ішіті.
29 маусым күні «Менің сүйікті кітабым» атты кітапханаға саяхат жасалды. Мектеп кітапханасы оқушыларға балаларға арналған жаңа келген қызықты кітаптармен, журналдармен таныстырды. Оқушылар өздеріне ұнаған кітаптарды оқыды және бөлісті.
30 маусым күні «Астан – бас қала» атты әңгіме, сұхбат жүргізілді. Кітапханаға барып еліміздің астанасы Астана қаласына арналып жасалған көрмені тамашалап, дамып келе жатқан астанамыз жайлы әңгіме құрдық. Оқушылар өз ойларын білдіріп, арман-тілектерін айтты.
1 шілдіе «Бояулар әлеміне саяхат» тақырыбында асфалть бетіне суреттер салдық. Оқушылар ерікті тақырыпта сурет салды. Түрлі-түсті бояулармен асфальт бетін бояулар әлеміне айналдырды. Бұл күн өте көңілді әр қызықты өтті.
3 шілді ертегі еліне саяхат жасалды. Оқушылар өздерінің сүйікті ертегілерін айтып бір-бірімен бөлісті. Ұнаған ертегілерін таңдап, солертегінің қойылымын қойды. Ыстық тамақпен тамақтанды. Қызықты ойындар ойнатылды.
4 шілді мақал-мәтел айту, жұмбақ шешу күні болды. Бұл күнге оқушылар бір-біріне жұмбақ жасырып келді. Өздері білетін мақал-мәтелдерін жаттап келді. Жұмбақ шешу өте қызықты өтті. Ыстық тамақ ішіп, қызықты ойындар ойнады.
5 шілде күні табиғат аясына саяхатқа шықты. Мақсаты оқушылар туған өлкесінің табиғатын тамашалап, отанға деген сүйіспеншілігін ояту. Серуен өте қызықты өтті, табиғат аясында ойындар офеады, суретке түсті. Қызықты жәндіктерді, гүлдерді тамашалады. Табиғатты қалай қорғау керек екендігі сөз болды. Оқушылар көп ақпарат алды.
6 шілде күні сауықтыру лагерінің жабылу салтанаты өтті. Оқушылар өтілген қызықты күндерге ризашылығын білдірді. Өз өнерлерін көрсетті.


Жауапты: Кокашева А.Е
Посмотреть новость на сайте учреждения