Ақсу негізгі мектебінде өткізілген
«Шал ақын ауданының сулы жерлеріндегі жануарлар мен өсімдіктер әлемі»
атты викториналық сабақтың есебі
03.11.2017жыл
Мектепалды даярлық тобы мен бастауыш сынып оқушыларының арасында
«Шал ақын ауданының сулы жерлеріндегі жануарлар мен өсімдіктер әлемі»
атты викториналық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты : ауданымызда мекендейтін жануарлар әлемі және өсімдіктері туралы білімдерін толықтыру. Оқушылардың бойында туған жердің табиғатына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, оларға қамқорлық жасау.
Сабақ барысында оқушыларға жануарлар әлемі туралы видио материал көрсетіліп , оқушылар өздерінің бұрын білетін білімдерін ортаға салып пікір алмасты. Бірнеше викториналық сұрақтар қойылды. Барлық балалар жұмыла жауап берді. Әсіресе белсендік танытқан оқушылар: Мусина Г,Ишимбаева И,Қайрат А, Қажғали А, Асылбек Н.

Посмотреть новость на сайте учреждения