Ақсу негізгі мектебінде өткізілген «Жасөспірім» атты дөңгелек үстелдің есебі
17 қараша күні мектепте «Жасөспірім» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Мақсаты: жасөспірімдердің арасында болып жатқан құқық бұзушылық,келеңсіз оқиғаларға көзқарастарын білу.Өз құқықтарымен таныстыру.
Іс-шараның басында «Келеңсіз оқиға», «Жағымсыз ахуал» атты бейнематериал көрсетіліп талқыға салынды. Қазіргі кездегі балалардың құқық бұзушылығы туралы баяндаманы «Жас ұлан» ұйымының жетекшісі Жилкайдарова Г.Т оқып талқыға салды. Әр түрлі өткір сұрақтар қойылып нақты жауаптар берілді. Соңында «Жағымды ахуал», «Құмырсқалар» атты бейнематериал көрсетіліп сабақты қортындыладық.


«Жас ұлан» ұйымының жетекшісі : Жилкайдарова Г.Т
Посмотреть новость на сайте учреждения