Бүгін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Эльмира Бахромқызы 10 -сынып оқушыларына “Бір Отан, бір тағдыр, бір Елбасы” атты эссе жаздырды
[12:10, 19.11.2020] Бахрома: Бүгін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Эльмира Бахромқызы 10 -сынып оқушыларына “Бір Отан, бір тағдыр, бір Елбасы” атты эссе жаздырды. Эссенің мақсаты:Оқушыларға Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. «Қазақстан-2050 стратегиясы: бір халық-бір ел- бір тағдыр» тақырыбында бастағалы отырмыз. Осылай атауымыздың өзінде де үлкен мән бар,себебі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында осы тақырыппен сөз сөйлеген болатын. Неге біз бұлай айта аламыз? Өйткені «бір халық» - бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер, «Бір ел» -бұл барлығымыз үшін ортақ Отан, «Бір тағдыр»-бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер. Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп- өркендеген Қазақстан! Осының барлығын қоса алғанда Стратегияны табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет дегенді білдіреді.
Бүгінде біздің азаматтар үшін барлық есік, барлық мүмкіндік, барлық жол ашық.
Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз.
Біз осы құндылықтарды қазақстандықтардың әрбір болашақ буынына аялай ұсынуымыз керек.
Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты.
Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.
Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.
Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии